Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Түркістан облысы әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына орай, аудан әкімі тұрғындармен ашық пікір алмасу арқылы аудандағы өзекті, шешімін күткен мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыруда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін бекітілген кестеде көрсетілгендей аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Серікбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй кезегіне қатысты жеке сұрақтарымен қатар елді мекен халқын толғандырған әлеуметтік проблемаларды сөз етті.
Төлеби ауданы әкімдігіндегі «Ашық кеңседе» өткен жеке қабылдауда Киелітас елді мекенінің тұрғыны М.Манабаева Киелітас елді мекеніндегі бұрынғы «Спутник» лагерін қайта жасақтап, пайдалануға беру мәселесін сөз етіп, тұрғын үй кезегіне қатысты сала мамандарынан кеңес алды. Бұрынғы балалар лагері аудандық Оқушылар үйінің теңгеріміне алынып, 2025 жылы ғимараттар ағымдағы жөндеуден өтіп, қосымша мобильді құрастырмалы кеңселер орнатылатынын түсіндірді.
Төлеби ауданы Зағамбар елді мекенінің тұрғыны Р. Әріпбаева биылғы жылы отбасы үшеммен толығып, көпбалалы отбасылар санатына қосылғандарын айтып, тұрғын үй кезегіне тұруға қатысты сұрақтар қойды.
Киелітас елді мекенінің тұрғыны М.Бағысбаева Қарауылтөбе елді мекеніндегі табиғи газ, ауыз су, түнгі жарық, жаяу жүргіншілерге арналған көпірді жөндеуден өткізу, электр бағаналарын ауыстыру мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, бірінші мөлтек аудандағы №17 үйдің жылу құбырларындағы ақауларды ретке келтіру жөнінде мамандардың кеңесін сұрады.
Алатау елді мекенінің тұрғыны А.Юнусова тұрғын үйі апатты жағдайда болуына байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуді өтінді.
Мемлекеттік органдардың ашықтығын айқындау, әкімшілік кедергілерді азайту бағытындағы жеке қабылдауда азаматтардың мұң-мұқтажына жедел назар аударылып, көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылды. Әрбір сұрақ жіті бақылауға алынды және тиісті сала мамандарына аталған мәселелер бойынша жұмыс жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.