Bugin

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Ақтау қаласында бокстан 2007-2008 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Былғары қолғап шеберлері арасындағы елшілік додаға республикамыздың барлық аймағынан іріктелген кіл мықты боксшылар қатысып, шаршы алаңда тартысты жекпе-жектер өткізді.

Жарыс қорытындысында Түркістан облысының құрамасы 2 медаль еншіледі. Атап айтқанда, 67 келіде қолғап түйістірген Сұлтан Тұрдалы қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді мойнында жарқыратты. Ал 71 келіде сынға түскен Ерлан Дарманқұл қоланы қанағат етті. Өңір мерейін асқақтатқан спортшылар Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.