Bugin

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов білім беру саласының мамандары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ұстаздармен кездесті. Аудандық білім бөлімі ғимаратында өткен басқосуда білім беру саласындағы проблемалық мәселелер талқыға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев «Білім бөлімі жұмысының қазіргі жағдайы және бағыттары» тақырыбында 11 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға баяндама жасады.

Аудан ұстаздары бас қосқан жиында цифрландыру, тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру, инклюзивті білім беру, біртұтас ұлттық тәрбие, құқықбұзушылықтың алдын алу, білім сапасын талдау және білім сапасын көтеру тақырыптары жөнінде мәселелер кеңінен қозғалды. Сонымен бірге білім беру сапасын арттыру бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан міндеттер мен шаралар туралы айтылды.

Жиында саладағы өзекті мәселелер айтылып, оның шешу жолдары қарастырылды. Аудан әкімі ашық форматтағы кездесулер жалғасын тауып, саланың жұмысын жақсартуға қолдаулар көрсетілетінін айтты.