Bugin
Фото: Түркістан облысы білім басқармасы
Жуырда Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен Халықаралық олимпиададан №28 мектеп-лицейінің оқушылары жеңіспен оралды. Аталған білім додасы дарынды оқушыларды ынталандыру және оларды шыңдауды көздейді. Олимпиаданы Анталияның Туризм академиясы қала әкімдігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы білім басқармасына сілтеме жасап.
Оқушылардың бойындағы шығармашылық ерекшеліктері мен олардың ғылыми-зерттеу жобаларға деген қызығушылығын анықтау мақсатында өткен іс-шара –тілді меңгеру, математика, туризм салалары бойынша өзара білім алмасу, түрлі мемлекеттердің оқушылары мен студенттері арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға бағытталды.
«№28 мектеп – лицей» КММ директоры Нысанкулова Лазат Жаналиевнаның бастамасымен, Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Телемисова Ельмира Сатыбалдиевнаның ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылында аталған білім ордасының 12 оқушысы Халықаралық олимпиадаға қатысып, 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Түркия мемлекетіндегі Халықаралалық Туризм және Меймандостық Академиясының ректоры М.С. Мурзамадиевамен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының стратегиясын, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдете оқыту, ғылыми-практикалық жобаларды жүргізу және интеллектуалдық деңгейін жан-жақты жүзеге асыру мақсатында меморандумға отырғандықтан, Түркістан қаласы бойынша 2021 жылдан бері шақырту алып келе жатқан білім ордасы 3 жыл қатарынан жүлдемен оралды.
Халықаралық білім сайысында бақ сынап, жүлдемен оралған оқушылар мен ұстаздарды мектеп ұжымы мен ата-аналар Шымкент әуежайынан зор мақтанышпен қарсы алды.