Weekend

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Сан ғасырларды кері шегіндірген, тарихы тереңде жатқан қазақ халқының берекесі мен мерекесі ұштасқаны, татулығы мен бірлігінің бекем болуы қаншама елді таң қалдырғаны аян. 

Жиһанға есімі жайылған халқымыздың бағзыдан татулық арқылы тұрақтылықты ту етіп ұстауы өзге елдермен тереземіздің теңесуіне оң әсерін тигізе білді. Мызғымас мекенін қазақ құшағынан іздеген біршама ұлт өкілдері шаңырағымыздың ортасына жыйылды. Көлденеңінен келіп « жат бауыр» деп ешкім соқтықпады,өзге деп өзегінен теппеді. Керісінше, бар асын алдына қойып, өз аузынан жырып берді. «Бөлек ұлт» деп бөлексітпей, төңірегіне шоғырландырды, дәм-тұзын түгендеп те берді.Меймандостықтың тамаша үлгісін білдірген халқымыз көптеген елдерге өнегелі істің өрнегін көрсете білді. Бодан болған халықты «бауырым» деп құшағымызға алуымыз бірлігімізбен қоса көңілімізідің кең екендігінен де дәлел бергендей.

Тәуелсіздігімізді алып тынысымызды кең жұтқан шақтарда да құшағымыз тарылмады. Бар мұратымыз Дүние жүзі қазақтарын бір тудың астына біріктіру болды. Себебі, өз Отанына өз баласы сыймауы асқан өрескелдік еді. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайында « Қарсы алуға дайын тұр бауырларың, Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп» деп Тұманбай атамыз бен қоса барша Қазақстандық қоса тебіренген. Міне осы жағдайдан кейінде қазақ деген қараша халықтың Алатаудың аясындай кең құшағы, Жайықтай жайсаң мінезі, Есіл толқынындай асау көңілі бар екендігін аңғаруға болады.

Қазіргі таңда, қыран халқымызыдың қанатының астына жиылған жамағаттың саны күрт өскен. Олар Қазақстанның қарқынды дамуына өз үлестерін қосып, жыртығын түгендеп, жамауын бітеулеп, берекемізді асырып, мерекемізге ортақтасып бақытты ғұмыр кешуде.

Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдерінен бөлек өз елінде өз ұрпағы жатсынып жүрген азамат пен азаматшаларға да қолғабыс көрсететін жанашырлар табылады. Жеті атасын түрткілесең де туыстық таппайтын адамдарды « бауырым» деп көмегін берген қоғам азаматтары алғысқа лайық.

«Елде бір тентек жүрмей ме?» деген тәмсіл кез келген сәтте айтылып жатады емес пе? Сол секілді, «бауыр» деген ұғымды атақ, абыройға айырбастаған пенделер де кезігеді. Даңқ пен даңпыртқа бола туғанын танымай «бауырын» аяқ-астына таптағандардың да сан куәгері болдық.

Кей кездерде, «бауыр» деген сөзді туыстас ретінде түсініп, осы тар шеңбердің аясынан шыға алмай жатамыз. Асылы, «бауыр» дегенің- барша мұсылман жаратылыстар, өмір сүріп жүрген барша азаматтар мен азаматшалар. Ұлы Жаратушымыздың өзі Қасиетті Құран-Кәрімде: «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр» – деп ескерткен.

Бағзы заманнан берекеміздің бөлшектенбеуі де осы татулығымыздың, тыныштығымыздың арқасы болар. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген атам қазақ жаңылмаған. Себебі, қазақтардан пана тапқан барша «бауырларымыз» алғысын айтып, мақтауымызды келтіріп, даттауларды теріске шығарып отырады. Жазирама жайқалған кең даламыздай көңілімізде көл –көсір екендігі белгілі ғой. Сонымен қатар, бұқара халықтың ізгі істері өсіп келе жатқан жастарға үлгі. Тал бесіктен аяушылық, бауырмашылдық, мейірімділікті бойларына сіңіріп өседі де өздері де ата-бабасы жасаған жақсылықтарды қайталауға тырысады. Жастардың бұл қасиеттері арқылы қазақ халқының болашағының кемел боларына сенім артуымызға болады.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген Хәкім Абай атамыздың қалдырған өсиетін бұлжытпай орындауымыз тиіс. Сондай-ақ, «берекенің астауы – бірлік» екендігін ұмытпаған жөн.


Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61