Bugin

БӘЙДІБЕКТІК ОҚУШЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы түрлі қиындықтарды басынан өткергендігіне қарамастан, өз мәдениетін дамытуға көп көңіл бөлді. Ата-бабаларымыз әсіресе терең логикалық ойлауды, тапқырлықты талап ететін интеллектуалдық ойындарды дамытуға басымдық жасады. Солардың бірі – «көшпелілер алгебрасы» саналатын тоғызқұмалақ ойыны, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы білім басқармасына сілтеме жасап. 

  Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар. 

  Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Әсіресе, жастарымыздың тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығының арта түсуі көңіл қуантады. Сондай қыздарымыздың бірі - Бәйдібек ауданына қарасты М.Әуезов атындағы ІТ-мектеп-лицейінің 9 «А» сынып оқушысы Ұстазхан Нұрсая. Ол Моңғолия республикасының астанасы Ұлан-Батор қаласында өткен «Тоғызқұмалақ» ойыны І-Халықаралық турнирінде чемпион атанды. Нұрсаяны, мектеп ұстаздары мен оқушылары керемет көңіл күйде қарсы алды. Жас спортшы қыз өзінің жеткен жетістіктері мен қуанышты сәттерін көпшілікпен бөлісті.