Bugin
Фото: Түркістан облылысы білім басқармасы
Түркістан облысы Жетісай қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім беретін мәжіліс залында аудандық білім бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып 9-11 сынып бітірушілерінің қатысуымен “Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті” мамандары кәсіби бағдар бойынша кездесу өткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы білім басқармасына сілтеме жасап.
Университет тарихы, “Серпін” квотасы, AMANZHOLOV UNIVERSITY тынысы, студенттерге жасалатын барлық жағдайлар, мамандықтар тізбесі бойынша Ләйла Төлеубайқызы таныстырылым жасады.
Қазіргі таңда аталған университетте Түркістан облысынан 500-ге тарта студент жоғары білім алуда. Соның ішінде Жетісай ауданынан түлектер “Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті” жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етілді. Білім саласының кәсіби бағдар педагогтарына, мұғалімдерге арналған “Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті” Кәсіптік даярлау және біліктілік арттыру ресурстық орталығының сертификаттары беріліп, “Оқушы тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі интерактивті технологиялардың ролі” тақырыбында семинар тренингі тыңдалды.