Bugin

ТҮРКІСТАН ОбЛЫСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН БАЙҚАУДА “ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ДЕСАНТШЫЛАРЫНЫҢ” БІРІ АТАНҒАН

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Қытай Халық Республикасының аумағында өткен «Десанттық взвод» байқауында үшінші орынды иеленген еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы білім басқармасына сілтеме жасап. 

Осы десантшылар қатарында Түркістан облысы, Келес ауданы N34 А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 2013 жылғы мектеп түлегі Балтабаев Қуанышбек Тұрлыбекұлы да бар. 

— Мектебімізді дарынды, талантты оқушылар көп бітірген. Солардың бірі Қуанышбек жас кезінен спортқа бейім болып өсті. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласында әскер қатарына алынып, қазіргі таңда әскери қызметте жұмыс істейді. Оқушыларымыз үшін мектеп түлегі үлгі болып жүр. Жалпы біздің басты мақсатымыз жастарға патриоттық тәрбие беру,-дейді мектеп директоры Жорабек Тиленов. 

 Айта кету керек, бүгінгі күні N34 А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 371 оқушы білім алады. Оларға білікті де білімді 49 педагог сабақ береді.