ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bugin.kz 

11 желтоқсан 2024 жыл, Алматы – Nestlé компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы («Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасының бөлігі) аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды фотобайқау басталды. Бұл оқушылар мен олардың отбасылары үшін денсаулықтарына қалай күтім жасайтынындары туралы бөлісуге тамаша мүмкіндік. Байқау қазақстандық отбасыларды салауатты өмір салтын ұстанатын нағыз белсенділер болуға шабыттандыруға, денсаулықты сақтауды бүкіл отбасы үшін қызықты іс-әрекетке айналдыруға арналған.

Фото: bugin.kz

Төрт тақырыптық кезеңге бөлінген байқау 2024 жылдың желтоқсанында басталып, 2025 жылдың сәуіріне дейін жалғасады:

1-кезең: «Анам, әкем, мен – аспаз отбасы» (желтоқсан 2024 ж.). Қатысушылар фотосуреттерді өздерінің аспаздық хоббилері мен тағамға қатысты отбасылық дәстүрлері туралы айту үшін пайдаланады.

2-кезең «Қыс ертегісі» (2024 ж. қаңтар). Қыс - жаттығуға тамаша уақыт! Егер маған сенбесеңіз... Біздің қатысушылар мұны сізге дәлелдеп береді!

3 кезең «Менің отбасымның спорттық қалаулары» (2025 ж. ақпан). Футбол, гимнастика, баскетбол. Қатысушылардың отбасында тағы қандай спорттық қалау бар?

4-кезең «Табиғатты аялау» (сәуір 2025 ж.). Денсаулыққа қамқорлық = қоршаған ортаға қамқорлық. Біздің қатысушылар сіздерге отбасылық эко-дәстүрлер туралы айтып береді.

Байқауға Қазақстандық барлық мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары қатыса алады. Байқау жобаның prav-pit.kz сайтында өткізіледі. Әр кезең бойынша жеңімпаздар анықталып, үздік жұмыстарға сыйлықтар табысталып, жобаның ресми арналарында орналастырылады.

«Дұрыс тамақтану – жай ғана теңдестірілген тамақтану емес, ол балаларымыздың болашағын айқындайтын өмір салтының негізі. Аталмыш байқау оқушыларға және олардың отбасыларына шығармашылық процесте бас қоса отырып, өздерінің әдеттерін қайта қарауға мүмкіндік береді. Біз мұндай бастамаларға қатысу – денсаулықты жақсартуға әсер етіп қана қоймай, бірлескен жетістіктер мен іс-шаралардан отбасылардың өміріне қуанышты сәттер сыйлайтынына сенімдіміз», - деп атап өтті, Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі Татьяна Ежова.

Фото: bugin.kz 

Фото: bugin.kz

«Біз Nestlé компаниясында өнімдер өмір сапасын жақсарта алады, ал шығармашылық адамдарды оң өзгерістерге шабыттандыруға көмектеседі дегенге нық сенеміз. «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» байқауы – бұл жай ғана байқау емес, оқушылар мен олардың отбасыларына дұрыс тамақтану мен белсенді өмір салты олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналғанын фотосурет арқылы көрсету мүмкіндігі деп түсінуге болады. Біз балалар мен ата-аналардың бұл тақырыптарға ынтамен қарайтынын, дұрыс тамақтанудың табысты есеюге және денсаулықты нығайтудың маңыздылығын мойындағанын көреміз. Әріптестерімізбен, ұстаздарымызбен және отбасымызбен бірге біз жаңа ұрпақтың арасында дұрыс тамақтану мен денсаулыққа деген саналы көзқарасты қалыптастыра алатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті «Nestlé Food Kazakhstan» ЖШС бас директоры Максим Щетин. 

Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының әдіскері Роза Шаяханова былай деп қосты:

«Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» байқауы Қазақстандағы отбасылар үшін өзін-өзі көрсетуге және басқаларды шабыттандыруға тамаша мүмкіндік. Оған қатысу сіздің әдеттеріңіз бен дәстүрлеріңізбен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар отбасылық құндылықтарыңызды өзгелерге паш етуге ықпал етеді. Бұл бастамаларда балалардың өз денсаулығына қамқорлық жасауды ғана емес, сонымен қатар отбасылық әдеттердің қоғам мен табиғатқа қалай әсер ететінін түсінуді үйренуі өте маңызды. Бұл көзқарас бізді қауымдастық ретінде нығайтады және оң өзгерістерге шабыттандырады».

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, байқау бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған отбасыларды өмір салтына оң өзгерістер енгізуге шабыттандыратын жарқын оқиға болады.

Қосымша ақпарат пен байқау ережелері prav-pit.kz сайтында жарияланған.

Фото: bugin.kz