Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Ағымдағы жылдың 4-6 желтоқсан күндері аралығында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысу, тәжірибе алмасу мақсатында Батыс Қазақстан облысынан делегацияның өңірді аралауда, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, делегацияның бүгінгі іс-сапары Шардара ауданында болып, балық өсірудің қыр-сырымен танысып, «Хамит»АӨК балық зауытының балық өсіру, оны өңдеу тәжірибелерін аралап, кәсіпорын жетекшісі Бақытжан Серманизовпен еркін форматта пікір алмасты.
Олар әрбір нысандағы жұмыстарды жан-жақты көріп, сауалдарына жауаптар алды.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің салаға жауапты мамандары делегация мүшелеріне балық шаруашылығын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жеткізді.