Bugin

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨТКІЗІЛЕДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Түркістан облысы аумағында тұрақты түрде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Осы орайда Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен апта сайын жалпыаудандық сенбіліктер өтіп жатыр. Онда аудандағы 13 ауыл округте республикалық және облыстық маңызы бар көше бойлары, елді мекендер, саябақтар, мемлекеттік мекеме аулалары, көпшілік орындар мен тұрғындардың жеке жайлары қоқыстан тазартылуда. Сондай-ақ, ағаш бұтау, әктеп-сырлау, арық-атыздар мен каналдарды тазарту, таулы аймақтарда қар күреу жұмыстары жүргізілуде.