Bugin

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Иматов, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері және мамандардың қатысуымен семинар кеңес өткізді,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша: келіп түскен өтініштерді мерзімінен кешіктірмей тіркеу, құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттілігі бойынша консультациялық көмек көрсетілді;

2. Ақпараттық қауіпсіздік саласы бойынша: барлық қызметтік компьютерлерді қолдану барысында сақтық шараларын қамтамасыз ету туралы кеңінен түсіндірілді;

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау туралы.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, кемшіліктерді түзету бойынша тапсырмалар берілді. Бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдерін сақтау, артық құжат талап етпеу, қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда себебін толық әрі сапалы ұсыну қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, Қазығұрт аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Иматов мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста, ұжымда іскерлік және жанашыр ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ету, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, әдеп нормаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан бас тарту, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге не оған жол бермеу жөнінде шараларды қабылдау, ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын ұстанудың маңыздылығын түсіндіріп өтті.