Өзбекстанның Самарқанд облысындағы дарынды балаларға арналған мектептің 7 сынып оқушысы өзіне қол жұмсап, қаза тапты. 7 сынып оқушысы өз ауласында асылып қалған.
Қайтыс болған баланың әкесі Фахриддин ұлының өзіне қол жұмсауына мұғалімі кінәлі дейді.
– Ол күні біз әйеліміз екеуміз базарға кеткен едік, ал Мұхаммед інісімен үйде қалған. Үйге оралғанымызда оның турникте асылып тұрғанын көрдік. Ұлымыз дүйсенбі күні тағы мектепке барып, қорлық көруден қорыққан сияқты. Өйткені жұма күні мұғалімі оны сыныптың көзінше қорлаған, – дейді Фахриддин Файзуллаев.
Оқиға орын алардан 20 күн бұрын аталмыш мектептің мұғалімі Мұхаммедті соққыға жығып, қорлаған. Ол оны еңбектеп жүруге мәжбүрлеп, балағаттаған. Оған себеп болған жайт, оқушылар арасындағы төбелеске Мұхаммедті кінәлауы еді.
Соңғы уақытта Өзбекстанда оқушылар арасындағы суицид саны артқан. Ал болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс ашылды. Мұғалімдер бұл айыптауды мойындамайтындарын жеткізді.