Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Түркістан облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген салалардағы жемқорлық мәселелерін шешу жолдары» республикалық жобалар байқауы қорытындыланды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Байқаудың мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, парасаттылық идеологиясын дамыту, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қызметке тарту, осы саладағы перспективалы жобаларды іздеу және азаматтық бастамаларды қолдау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу мақсатында жарияланған конкурсқа республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан 90-нан астам өтініш келіп түскен. Солардың ішінде іріктелген 10 жұмыстың иегері өз жобаларын қорғады. Қоғам өкілдерінен құрылған комиссия үздік деп танылған конкурстық жұмыстарды анықтады. Жеңімпаз деп танылған 4 жоба қорғаушылардың әрқайсысы 725 мың теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды. Атап айтсақ, түркістандық Умида Нұрмаханованың «QR код енгізу» жобасы, алматылық Алихан Абдикеровтың «Dauys» жобасы, шымкенттік Сергей Ефремовтың «Балық шаруашылығы» жобасы, астаналық Салтанат Қуаныштың «Sanaly Ai» жобасы жеңімпаз атанды.