Спорт
Жерлесіміздің бас бапкері болған Абель Санчестың қандай себеппен кеткені белгілі болды
Осыдан бірнеше күн бұрын Геннадий Головкин мен оны 9 жыл бойы жаттықтырған бапкері Абель Санчестың арасында дау туғаны баршамызға мәлім. Бүгін сол құпияның сыры ашылды.
Мәліметке сенсек, Головкин бапкерінің айлығын қысқартқан-мыс. Бұған дейін ол әрбір жекпе-жектен 10% ақша алып отырған еді. Бірақ DAZN компаниясымен 100 млн долларға келісімшартқа қол қойған соң Головкин бапкердің келісімшартын өзгертуге тырысқан. Ол енді 10% емес, әрбір кездесуден 2% жалақы беруге ұсыныс жасады. Дегенмен, Абель 2% емес, 4% сұраған. Алайда Головкин үшін келісімшарт ұнамай, бас бапкермен бірден қош айтысты.
Айта кетейік, егер Санчес Головкиннің ұсынысына келіскенде DAZN ұсынған 100 млн доллардан 2 млн доллар алушы еді.