Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 3 БОКСШЫСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Turkistan_sport

Таиландтың Чианг-Мэй қаласында 29 қараша мен 11 желтоқсан күндері бокстан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Turkistan_sport  инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Түркістан облысының 3 боксшы ел намысын қорғады. Нақтырақ айтсақ, 51 келіде өңір мақтанышы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен Базарбайұлы. Ал 92 келіде талантты боксшы, Азия ойындарының қола жүлдегері Сағындық Тоғамбай да Көк туды көкке көтеру үшін барын салды. 

Айта кетейік, құрлықтық додада ел намысын қорғайтын жерлестеріміз «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері. 

Еске салайық Қазақстан құрамасы сапында төмендегі боксшылар өнер көрсетті: 

48 келі: Санжар Тәшкенбай
51 келі: Сәкен Бибосынов
54 келі: Сабырхан Махмұд
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Бийбарыс Жексен
63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
67 келі: Дулат Бекбауов
71 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жақпеков
86 келі: Бекзад Нұрдәулетов
92 келі: Сағындық Тоғамбай
+92 келі: Айбек Оралбай