Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Шерзат Болаттың әкесіне қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаржаубай Нұрымов 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін немесе 10 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Алматы облысы полиция департаментінің айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай 10 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстап әкеткенін хабарлаған едік.