Гонконгта халық жаппай ереуілге шықты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше ереуілге шыққандар саны 23 мың адамды құрайды. Ал тәуелсіз ұйымдар 130 мың адам деген деректі келтіруде.
Көшеге шыққан халық Қытайға қылмыскер деп танылғандарды беруге қарсы болуда. Гонконг Қытайдан дербес саясат пен қаржылық әрекет жүргізетін аймақ.
"Си Цзиньпин төраға ретінде қылмыс жасауда. Гонконг тұрғындарын Қытайға бермейміз", − деп ұрандатқан наразы топ өкілдері.
Бұл уақытқа дейін Гонконг өз азаматтарын Қытайға бермейтін. Алайда биылдан бастап, олар Бейжіңге қылмыскер деп танылғандарды беруге келісіп отыр. Жергілікті тұрғындар Қытай тарапы кінәсіздерді кінәлі етіп, азаптауға салып, өлім жазасына кеседі деп күдіктенуде.