Bugin
Фото: freepik.com
Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны 210 139 адамға артты. 1 қарашадағы жағдай бойынша ел тұрғындарының жалпы саны 20 243 981 адамды құрайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, табиғи өсім бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде халық саны 36 628 адамға өскен. Одан кейінгі орындарда Шымкент (20 348 адам) пен Астана (19 258 адам) қаласы тұр.
Жылдың алғашқы он айында елімізде 309 310 нәресте дүниеге келді. Туу көрсеткіші бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында тіркелді.
Ал осы кезеңде елімізде 110 867 адам қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға аз. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды.