Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: depositphotos.com
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде, Сауран ауданының тұрғыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сауран аудандық Тіркеу және жер кадастр бөліміне жер учаскесіне арналған актіні дайындау туралы өтінішіпен жүгінген.
Алайда, аталған Тіркеу және жер кадастр бөлімі қызмет алушыға тиісті жер учаскесіне арналған мемлекеттік актіні ұсынбаған және қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап мүлдем берілмеген.
Нақты жауап алмаған қызмет алушы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істер департаментіне жер учаскесіне арналған мемлекеттік актіні ала алмай отырғанын, сондай-ақ өзінің туысқанына жобаланып отырған жер учаскесінің келісілген жоспарын негізсіз бермей отырғаны туралы арызданған.
Департаменттің қызметкерлері Тіркеу және жер кадастры бөлімінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, азаматқа жер учаскесіне арналған актінің ұсынылмағанын анықтаған.
Бұл ретте, Департаменттің ықпалымен, жер учаскесіне арналған акті және жобаланып отырған жер учаскесі келісімі шағым иесіне тексеру барысында ұсынылды.
Осылайша, Департаменттің ықпалымен Сауран ауданының
2 азаматының бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтіріліп, кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Атап өту керек, бүгінгі таңда Түркістан өңірінде мемлекеттік қызметтерді алу саласындағы мәселелерді жедел шешуге және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жо бермеу мақсатында QR-кодтар көрсетілген Telegram арнасы мен Департаменттің сенім телефоны іске қосылған.
Азаматтар аталған Telegram арнасына және Сенім телефонына байланысу арқылы азаматтар қандай да бір қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша жүгіне алады.
Бұл ретте, бұзушылықтар анықталған жағдайда Департамент қызметкерлері құзіреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайтын болады.