Weekend
Ресейдің басты ән жобасына қатысқан отандасымыз өз пікірін білдірді
Ресейдің басты ән додаларының бірі «Голос. Дети» байқауына қатысқан жерлесіміз финалда бірінші орынды ала алмаған еді. Соған байланысты соңғы күндері Ресейде дауыс санау әділетсіз болды деген дау-дамайлар тек халықтың арасында ғана емес, танымал әншілердің ішінде де көбейіп кеткен еді. Бүгін осы оқиғаға байланысты Ержан Максим өз ойымен бөлісті:
«Бірінші орын алмағаным үшін өкінбеймін. Бір жағынан бас жүлде алмағаным мен үшін жақсы болды. Егер бірінші орынға ие болғанымда барлығы бір рет айтып, кейіннен ұмытып кетуші еді. Енді мені барлығы мақтап, әлеуметтік желілерімде қолдаушы жандардың саны артып жатыр».
Айта кетейік, «Голос.Дети» байқауын атақты орыс әншісі Алсудың қызы Микелл Абрамова ұтқан болатын.