Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбеков тәуелсіздік күні қарсаңында желтоқсан оқиғасына қатысушыларды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Алғыс хат пен сый-сияпаттар табыстап, олардың ерлік жолындағы еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-«Желтоқсан оқиғасы — Қазақстан тарихындағы ұлы сәттердің бірі, ұлттың азаттық жолындағы күресінің символы. Сіздер тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде айқын жол көрсетіп, ұрпақтар үшін үлгі болдыңыздар. Болашақ ұрпаққа Тәуелсіздіктің бағасын түсіндіріп, еліміздің еркіндігі мен ұлттық құндылықтарды қорғау жолындағы маңызды қадамдардың бастаушысы болдыңыздар», — деп атап өтті.
Жиын барысында қатысушылар еркін тақырыпта пікір алмасып, естеліктерімен бөлісті. «Желтоқсан ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсат Қарғабай көрсетілген құрмет үшін алғыс білдіріп, желтоқсаншылардың бірқатар ұсыныстарын жеткізді.