Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Түркістан облысы әкімдігі
Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбеков және Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Мағауия Тұрысбеков пен Жомарт Әбдібаев аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан Ы. Алтынсарин атындағы 900 орындық жалпы орта мектептің құрылыс жұмыстарын назарға алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім ордасы ауданның білім беру сапасын арттырып, оқушылардың сапалы білім алуына үлкен үлес қосатын заманауи оқу орны болмақ. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының сыртқы келбеті заманауи және сәнді сипатқа ие болып, кең және жайлы орта қалыптастыруда. Әрбір бөлмесі, сыныптары, залдары мен спорт алаңдары барлық қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, оқушылардың заманауи білім алуына барлық жағдай жасалуда. Мектеп аумағына асфальт жабындысы төселіп, көлік тұрақтары мен жолдар ретке келтірілуде.
Сонымен қатар, аудан орталығында бой көтеріп жатқан 200 орындық заманауи «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылыс жұмыстары да назардан тыс қалмады. Онда мердігер мекеменің өкілдері мен жауапты сала мамандары болды. Аралау барысында құрылыстың сапасына ерекше назар аударды.
Бүгінде кешеннің құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта металл құрылымдары орнатылуда. Ішінде бірнеше спорт алаңдары мен залдар орналасады. Бұл жерде волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен бокс залдары, сондай-ақ бассейн мен футбол алаңы болады.
Жаңа кешен халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Жаңа нысан уданның спорттық өміріне тың серпін беріп, әртүрлі спорт түрлерінен шеберлік деңгейін арттыруға, сондай-ақ ауданның жас спортшыларының әлеуетін дамытуға ықпал етері анық.