Саясат

09.06.2019. 8 кандидат: Олар кімдер?

Президент сайлауына үміткерлер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының кезекті президенті сайлауы 2019 жылдың тоғызыншы маусымында өтетіні туралы ақпараттан кейін, ел ішінде сең қозғалғандай болды. Әр ұйым, мекеме өз үміткерлерін ұсынуға талпыныс жасады. Нәтижесінде «7» санын кие тұтқан халық үшін енді «9» санының орны бөлек болатын секілді. Сонымен, 09.06.2019 жылы 8 кандидат ішінен біреуі елдің тізгінін қолына ұстайды. Олар кімдер?


Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы («Нұр Отан»)

Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, ҚР-ның 1999-2002 жылдар арасындағы үкімет басшысы, БҰҰ бас хатшысының орынбасары, ҚР Парламент Сенатының төрағасы және 2019 жылдың 20 наурызынан бастап ел тізгінін уақытша басқарып отырған президент.

Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы («Ұлт тағдыры»)

Белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, екі тілді еркін меңгерген журналист әрі оратор. 2013 жылғы «Жыл адам» номинациясының иегері.

Рахимбеков Төлеутай Сатайұлы («Ауыл партиясы»)

1999-2001 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі басқарма басшысы, департамент директоры секілді түрлі жоғары лауазымды қызметтерде болған. 2009 жылдың наурыз-қараша айлары арасында үкімет басшысы орынбасарының кеңесшісі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» КеАҚ басқарма төрағасы.

Таспихов Амангелді Сатыпалдыұлы («ҚР кәсіподақ федерациясы»)

Батыс Қазақстан облысының маслихат депутаты, сенат және мәжіліс депутаты секілді түрлі басшылық қызметтерде болған. «Құрмет» орденінің иегері (2005).

Сәдібек Түгел («Ұлы дала қырандары» Республикалық қозғалысы)

Зерттеуші, Нұр-Сұлтан қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты федерациясының президенті, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.

Еспаева Дәния Мадиқызы («Ақ жол»)

Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты, «Құрмет» орденінің иегері және басқа да түрлі басшылықта болған, президенттіке үміткер елдегі жалғыз әйел.

Әлиев Жұматай Әлиұлы («Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі)

ҚР-ның ӘҒА академигі, ХАА академигі, философия ғылымының докторы, профессор, ІІІ,ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,  2008-2012 жылдар арасында «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы қызметтерін атқарған.

Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы («Қазақстан Коммунистік Халық партиясы»)

Қазақстанның саяси қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты, 2011 жылы ҚР президент сайлауына үміткер әрі карате спорт түрінен бірінші дәрежелі қара белдік иегері.

Айта кету керек, осы аталған 9 үміткер 118 мың қол жинауы керек.


«Ақ жол» партиясының мәлімдесі бойынша, тоғызыншы кандидат Талғат Ерғалиев өзінің ұсынған кандидатурасынан бас тартты және сайлауға қатыспайды.