Bugin
Фото: freepik.com
Ақтөбе облысында жоғалған балықшылар өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәліметтерге сүйенсек, Ақтөбе облысында екі адам 14 желтоқсан күні жоғалып кеткен. Іздестіру шараларынан кейін, 16 желтоқсан күні Темір ауданындағы өзеннен балықшылардың денесі табылды.
53 жастағы Владимир Курдюков пен 21 жастағы Михаил Дула балық аулаумен айналысады екен. Олар 14 желтоқсан күні таңғы сағат 4-те балық аулауға шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Оларға әріптестері мен туыстары хабарласқанымен, олар қоңырауды көтермеген. Кейін туыстары еріктілерден жәрдем сұрады. Екі марқұмның туыстары олардың ішімдік ішпейтінін айтты.
“Алдын ала болжам бойынша, “Нива” автокөлігі көпірден жоғары жылдамдықпен кетіп жатып, суға құлаған, Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Еріктілердің мәліметінше, балықшылар көлікпен бірге суға түсіп кеткен. Олардың денесі су астындағы көлік ішінен табылды.