Bugin

Дүлей дауыл салдарынан мыңға жуық адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Соңғы 90 жылдағы ең күшті дауыл Үнді Мұхитындағы Француз Майотта архипелагына соқты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сағатына 200 шақырымнан асатын жел үйлерді қиратып, мыңға жуық адамның өліміне себеп болды.

Қуатты “Шидо” циклоны 14 желтоқсанға қараған түні Француз Майотта архипелагының аралдарына соққан. Жергілікті билік әзірге бұл жойқын дауылдың қанша адамның өмірін қиғанын болжай алмай отыр. 

“Құрбандар саны жүзден көп, ол мыңға да баруы мүмкін”, - деді жергілікті француз әкімшілігінің басшысы Франсуа-Ксавье Бьевиль.

Майотта халқы діни дәстүрді ұстанатындықтан, көз жұмған адамдарды 24 сағат ішінде көміп  жатыр.