Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: "Қажсервис" ЖШС
Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқыс оқиға кеше түстен кейін Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Герцен ауылына жақын жерде, “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” жолының бойында болған.
“Жол апатында ауыр жарақат алған үш адам сол жерде көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазір полиция тергеуді бастады”, - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті.
Жол апатында Volvo мен Toyota Alphard көлігі бір-біріне соғылған. Мерт болған адамдардың бәрі Toyota Alphard көлігінде болған.