Bugin

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан хабарлама таратып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алаяқтар өзінің бейнесі мен дауысын жасанды интеллектпен жасап хабарламалар жіберіп жатқандығын мәлімдеді, деп хабарламайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Аида Балаева өз Facebook парақшасында айтты. Жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жасалатын алаяқтық жағдайлары артып келеді. 

“Соңғы уақытта жасанды интеллекттің көмегімен белгісіз алаяқтар мен танитын немесе маған таныс емес тұлғаларға менің атымнан дыбыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеуде. Баршаңызды осындай хабарламаларды елемеуге және белгісіз нөмірлерді бұғаттауға шақырамын”, – деді министр.

Сонымен қатар Аида Балаева  қазақстандықтарды осындай жағдайлардан сақ болуға шақырды.