Bugin

Қазақстанның ұлттық қорында қанша қаражат бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Тимур Сүлейменов Қазақстанның ұлттық қорында қанша қаражат барын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап. 

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қарашаның нәтижесі бойынша жалпы халықаралық резервтер 105 млрд долларды құрағанын мәлімдеді.

Үкімет отырысына онлайн режимде қосылған Сүлейменов қарашаның нәтижесі бойынша жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бері 9,5%-ке өсіп,105 млрд долларды құраған екен. Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері жыл басынан 23%-ке артып, 44,2 млрд долларды құраған. 

"Ұлттық қордың активтері жыл басынан 1,3%-ке ұлғайып, 60,8 млрд долларды құрады. Жыл басынан қорға түскен қаражат сомасы 3,7 трлн теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі 5,3 трлн теңге болды. Ұлттық қордың инвестициялық табысы 9,5% немесе 5,7 млрд долларды құрады", - дейді Ұлттық банк төрағасы.