Weekend

Әлемдегі ең бай адам әйелімен ажырасатынын мәлімдеді

Әлем жаңалығы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Амазон компаниясының бас директоры Джефф Безос 25 жыл тұрған әйелімен ажырасатынын жариялады. Бүгінгі таңда оның  байлығы 140 миллиард долларға бағаланып отыр. Forbes журналы Amazon.com-ның  жетекшісі және әлемдегі ең бай бизнесмен Джефф Безос (сарапшылар оның табысын $ 139,6 млрд-қа бағалайды), әйелі Маккензи екеуінің ажырасынтықтары туралы жазуда.   

«Біз ажырассақ та өмір тоқтап қалмайды. Ерлі-зайыптылар сияқты керемет өмір сүрдік, бізде  әлі күнге біріктіретін әртүрлі жобалар бар. Міне, осылар біздің жарқын болашағымызды қалыптастырады деген үміттеміз. Біз әрқашанда нағыз достар болып қаламыз» – деп жауап берді Джефф және Twitter бетіндегі парақшасында.

80-жылдары Джефф Безос пен Маккензи Таттел Princeton университетінде оқыған. Бірақ 1992 жылы  Нью-Йоркте өмір сүріп жатқан кезде ғана екеуі таныса алады. Оған себеп Д.Э.Уолл-стриттегі Шоу инвестициялық қорында жұмыс істеуі болған екен. 1993 жылы олар отбасын құрады. 1994 жылы Сиэтлге көшіп барғанда  Джефф Amazon.com интернет-сауда компаниясын құруға мүмкіндік алады. Олардың отбасында 3 ұлы және асырап алған қызы болатын.

Джефф Безос әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде бірінші орынды иеленіп отыр. Маккензи Безос мектептегі қысым көрсетуге байланысты маманданған Бистрандар революциясы қорын басқарады. Ол сондай-ақ жазушы ретінде танымал, 2006 жылы «Лютер Олбрайт тестілеуі» атты кітабы үшін, содан кейін тағы  «Тұзақтар» романы үшін Америкалық әдеби сыйлығымен марапатталды.

«Мен кім болып жұмыс атқармадым: даяшы, ыдыс жуушы,қоймашы, кітапханашы, клерк, бухгалтер, күтуші және киім сатушы. Бірақ жазу – мен қалаған жалғыз нәрсе », – деп Маккензи өзі туралы баян етті.