ДЕНСАУЛЫҚ

«ТАБИҒАТПЕН ҰШТАСУ» АТТЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгін, 18 желтоқсан күні «Табиғатпен ұштасу» атты отбасылық эстафетасы Астана қаласындағы Орталық саябақтағы шаңғыроллерлі тас жолында өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Отбасылық эстафета – бұл отбасылық байланысты нығайту және қатысушыларды табиғатпен белсенді өзара әрекеттесуге тартуға бағытталған іс-шара. Эстафета барысында отбасылар экология, табиғи құбылыстар және ашық ауада әртүрлі байқаулар мен тапсырмаларға қатысты.

Эстафетаға барлығы 15 отбасы қатысты. Командалар үш адамнан құралды: әкесі, анасы және баласы.

Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен ересектерде қоршаған әлемге құрмет қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға үйрету. Эстафета табиғатпен белсенді өзара әрекеттесуді, командалық рухты дамыту және экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталды. Іс-шара аясында қатысушыларға қоқысты қайта өңдеу бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, яғни қатысушылар қоқысты дұрыс жою тәсілдері мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын үйренді.

Отбасылық эстафета бірнеше қызықты ойындардан тұрды:
1.    Эстафеталық таяқпен жүгіру — қатысушылар эстафетаны бір-біріне беріп, қашықтықты бағындыруы қажет болды.
2.    Кенгуру — қатысушылар  доппен кенгуру секілді секіріп, қашықтықты жүгіріп өтті.
3.    Хоккей клюшкасы арқылы допты жүргізу — балалар мен ересектер хоккей клюшкалары арқылы допты домалатты.
4.    Доптарды қоқыс шелекке жинау — бұл ойын шеберлік пен дәлдікті дамытатын ойын, онда доптарды шелекке дәл тастау қажет болды.

Сонымен қатар, эмоцияға әрі бәсекеге толы жарыс «Таза Қазақстан» акциясын қолдады. Осы акцияның аясында қатысушылар берілген қоқыстарды сұрыптап, арнайы жәшіктерге салып жарысты. Бұл бәсеке қатысушыларға қорашаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Бүгінгі іс-шара отбасылық байланысты нығайтуға, белсенді демалуға және қатысушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және табтғатпен әрекеттсуге ықпал етті. Эстафетаға қатысушылар табиғат аясында өткен жарыстың ерекше атмосферасын сезініп, жақсы көңіл-күйде жүрді.