Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Синоптиктер алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауатынын мәлімдеді, діп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктер болжамына сәйкес, 19-21 желтоқсанда солтүстік пен орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Бұл аймақтарда жел күшейеді.
Ал бүгін, 19 желтоқсан күні ел аумағының көп бөлігіне циклон және атмосфералық ағындар әсер етеді, боран соғып қар жауады, оңтүстік батыста, оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады, елдің орталығында қалың қар түседі.
Еліміздің оңтүстік шығысында, шығысында кетіп бара жатқан антициклон әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте, солтүстікте, орталықта тұман түсуі ықтимал. Түнде Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-ге жетіп одан да асып кетуі мүмкін.
Астанада күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы шамамен 0°C, желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20м/с-ге жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +2+4°C, желдің жылдамдығы 2-7м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, қар жауады, күндіз ауа температурасы +6+8°C, желдің жылдамдығы 8-13м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20м/с-ге жетеді.