Bugin

Қостанайда жедел жәрдем қызметкерін науқастың туыстары соққыға жықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қостанайда жедел жәрдем қызметкері Анель Баймурзинаны науқастың туыстары соққыға жыққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Анель Баймурзина оқиға болған түні түнгі ауысымға түскен. Жедел жәрдем қызметіне шақырту келген. Фельдшердің айтуынша, олар науқасқа алғашқы көмек көрсетіпті. Бірақ науқастың туыстары бір нәрсені дұрыс істемесе, түрмеге отырғызатындарын айтқан. Науқас жедел жәрдем қызметкерлерінің ем-шарасына қарамастан, көз жұмған.

“Сол сәтте науқастың жақындары мені теуіп, шашымнан ұстап ұра бастады. Жанымдағы екінші фельдшер мен жедел жәрдем жүргізушісі маған араша түсті. Алайда әйелдерге төтеп бере алмады. Бірақ көрші келіп, құтқарып қалды”, - дейді Анель Баймурзина.

Фельдшерге мидың шайқалуы, самай аймағының гематомасы, бетінің жұмсақ тіндері сырылған деген диагноз қойылды. 

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.