Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Абхазияда парламент отырысында атыс болды. Бір депутат қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атыс парламент отырысы кезінде болған. Мәліметтерге сүйенсек, депутаттар майнингке тыйым салу туралы заң жобасын талқылау кезінде сөзге келіп қалған екен. Бір депутат көз жұмды. Депутат Кан Кварчия қолынан жарақат алды. Республикалық ауруханада оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр екен.
"Адгур Харазия және Кан Кварчия сөзге келіп қалып, ақыры Адгур тапаншасын алып, Канды ата бастады. Қаза болған Вахтанг Голандзия екеуін ажыратпақшы болған", - деп жазылды жергілікті басылымда.
Абхазияның денсаулық сақтау министрлігі Голандзияның көз жұмғанын растады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен.