Bugin

Бүгін елімізде ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты 20 желтоқсанда дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, бүгін Астанада, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ал Алматы қаласында күндіз көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында, ертеңгі болжам бойынша, жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с болады. 20 желтоқсанда таңертең және күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі.Областың басым бөлігінде көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, областың оңтүстігінде, таулы аудандарында оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр.

Ертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

20 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ болуы мүмкін, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с, облыстың тау асуларында жел екпіні – 23-28 м/с. Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Түркістан қаласында кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Жамбыл облысын да күн райы бұзылады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с пен 23-28 м/с аралығында күшейеді.

Синоптиктердің болжамына сенсек, 20 желтоқсанда түнде Атырау облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ал Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде оның күші 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ ықтималдығы жоғары болса, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағанды облысында ертең қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында да қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні оның 15-20 м/с жетеді. 

Павлодар облысыда күн құбылмалы болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. 

20 желтоқсанда күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында оның күші 15-20 м/с жетеді. 

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с барады.