Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мамандардың болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын күтіледі.
“Қазгидромет" РМК 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болатынын айтты. Республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.
21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.
23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуы әсерінен республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.