Bugin

TikTok бір жылға бұғатталатын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Албания TikTok-ты кемінде бір жылға бұғаттайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жаңа заң 2025 жылдың басында күшіне енеді.

Албания билігі TikTok әлеуметтік желісіне кемінде бір жылға қолжетімділікті шектейтінін хабарлады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді.

Премьердің айтуынша, бұл шешім мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін қабылданған. Тиранадағы ұстаздар, ата-аналар және психологтермен өткен кездесуде Рама TikTok-ты “аулалық қылмыскер” деп атады.

“Біз оны бір жылға жауып, оқушыларды оқытуға және ата-аналарға балаларының дамуын бақылауға көмектесетін бағдарламаларды енгізуді бастаймыз”, - деді үкімет басшысы.

TikTok-қа шектеу енгізу шешімі өткен айда 14 жастағы баланың сыныптасы қолынан қаза тапқанынан кейін қабылданды. Бұл оқиға Балқан елінде үлкен наразылықтар туғызды.