Bugin

Тікұшақ апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: haberturk.com 

Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің тікұшағы аурухана ғимаратына соғылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

TRT Haber телеарнасының мәліметінше, тікұшақ аурухананың жоғары қабатына соғылып, содан кейін аулаға құлаған. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Мәліметтерге сүйенсек, ұшқыш пен үш медицина қызметкері көз жұмған. Бұл ақпаратты Мугла провинциясының губернаторы растады.

Қайғылы оқиға таңертең тікұшақтың биікке көтерілуі кезінде болды. Апатқа тұман себеп болуы мүмкін деп айтылды.

Тікұшақ әуеге көтеріліп бара жатып апатқа ұшыраған. Күн ашық болмағандықтан ұшқыштар айналасын дұрыс көре алмаған болуы мүмкін. Тікұшақ көп қабатты аурухананың жоғарғы бөлігіне соғылып, бос алаңға құлаған. 

Полицияның мәліметінше, теракт туралы күдіктенуге негіз жоқ. Түркияның денсаулық сақтау министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.