Bugin
Фото: Envento
Бразилияда автобус апатынан 38 адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Шығыс Бразилияда автобус, жүк көлігі және жеңіл автокөлік қатысқан апаттан кемінде 38 адам қаза тапты.
Бұған дейін 22 адамның қаза болғаны туралы мәлімет тараған. Ауруханаларға 13 зардап шеккен адам жеткізілді.
Құтқарушылардың мәліметінше, автобустың дөңгелегі жарылып, жүргізуші рульді басқара алмай, жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Осыдан кейін автобусқа артынан келе жатқан жеңіл автокөлік соғылған. Апат салдарынан автобус өртеніп кеткен.
Автобус Сан-Паулудан Баия штатына қарасты Витория-да-Конкисту қаласына бара жатқан.