Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Елорда әкімдігі
20 желтоқсан күні «Динамо» аула клубында ХӘОТ санатына жататын елорда аула клубтарының тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық бағдарлама өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мерекелік шарада 2024 жылы ерекшеленген үздік спортшыларға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, спорт жылының қорытындысы шығарылды. Кеш жаңа-жылдық жарқын қойылымдармен, марапаттаулармен және спорт пен дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлестер үшін шын жүректен айтылатын алғыс сөздерге толы болды. Іс-шарада Қазақстан чемпиондары және түрлі пәндер бойынша республикалық турнирлердің жеңімпаздары марапатталды. Кадет сыныбының қойылымдары мен жас қатысушылардың жаңа жылдық концерттік нөмірлері тамашаланды.
Олжас Хамитов, қалалық әкімдіктің «Астана жастары» ЖРО» КММ аула клубтарын дамыту бөлімінің басшысы:
Бүгін «Динамо» аула клубында Полиция департаментінің және Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қолдауымен Астана қаласы аула клубтарының тәрбиеленушілеріне арналған әскери-патриоттық үлгідегі мейрам болып жатыр. Қазір 250-ге жуық түрлі санаттағы тәрбиеленушілерін шақырдық. Барлығына сыйлықтар таратылады, - деді ол.
Губайдуллина Руханият, Динамо Аула клубының, карате бойынша тәрбиеленушісі:
Осы жылдың жаңа жылдық мерекесі өте көңілді өтіп жатыр. Маған қатты ұнады, - деді.
Аталмыш шара жаңа спорттық жетістіктерге шабыт беретін жылдың жарқын финалы болды.