Bugin

Президент АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

“Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды”, - делінген Үкімет хабарламасында. 

Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.

Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.