Bugin
Фото: Алматы облысы ПД
Желтоқсанның басында күдікті полиция көлігінен қашқан кеткен еді. Ер адам Алматы облысы ауғамында ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Күлікті бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін ұсталған еді. Енді оның үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалады.
"Алматының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы облысы аумағында іздеуде жүрген, айдауыл көлігінен қашып кеткен ер адамды ұстады", - деп хабарлады қалалық полицияның баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта қашып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.