Саясат
Құрылыс қай уақытқа межеленгені белгісіз
Бірақ құрылыс қай уақытқа межеленгені белгісіз. Бұған дейін Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынған болатын. Естеріңізде болса, еліміздегі жалғыз атом стансасы Ақтау қаласында болған. Бүгінде энергияның бұл түрі қолданылмайды. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай станцияның пайдалы тұсын жіктеп берді.
«Қазақстан 2030 жылға қарай электр қуаты тапшылығын сезінуі мүмкін. Сондықтан біз бұл мәселені бүгіннен шешуіміз керек. Десе де, атом электрстансасын салуда халықтың пікірін міндетті түрде ескереміз. Қазір мұндай стансаларды қауіпсіз етудің түрлі технологиясы бар. Ал атом электр стансасын салсақ жаңа жұмыс орындарын құрып, елдегі энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ете аласыз», - деп айтқан еді ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.