Bugin
Фото: freepik.com
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиев биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында не себепті интернет әлсірегенін түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап.
Биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында интернет әлсіреген еді.
“Менде “бұл митингпен байланысты” дерлік ақпарат жоқ. Біздің елде мәліметтер базасы өте көп. Кез келген банкте немесе мемлекеттік органда іркіліс болуы мүмкін. Алайда адамдар 3-4 күн бойы интернетсіз отырып қалды дейтіндей мәселе жоқ”, - дейді Мәдиев.
Жаслан Мәдиев мұндай қателіктер қайталанбас үшін шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.