Bugin

Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

2025 жылғы қаңтар айында қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жаңа жыл мерекесіне орай биыл ел тұрғындары 1-4 қаңтар аралығында демалады. Ал 5 қаңтар жексенбіге сәйкес келсе де, жұмыс күні болады. Басында 3 қаңтар жұмыс күні ретінде жоспарланған еді. Дегенмен кейіннен еңбек министрлігінің бұйрығымен 3 қаңтардағы жұмыс күні жексенбіге, яғни 5 қаңтарға ауыстырылды. Сондықтан 5-6 қаңтар – жұмыс күндері. Ал Рождество мерекесі 7 қаңтарға сейсенбіге сәйкес келіп, қазақстандықтар тағы бір күн демалады. 

"Осылайша, қаңтардың басында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында бес демалыс күніне ие болады: 1-4 қаңтар және 7 қаңтар. Ал алты күндік жұмыс аптасында – төрт демалыс күні: 1-3 қаңтар және 7 қаңтар", – делінген еңбек министрлігінің мәлімдемесінде.