Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: freepik.com
Астанада 26 жастағы полицей тұрғын үйдің 9-қабатының терезесінен құлады. Марқұм оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әлеуметтік желідегілер марқұмның жергілікті полиция бөлімінде жұмыс істегенін жазды.
"Мәйіттің табылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 9-қабаттан құлаған. Мәліметтер анықталып жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Қайғылы оқиға туралы басқа ақпарат жарияланбады.