Bugin

Алматыда 20 жастағы кикбоксшы пышақ жарақатынан көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: miaythai_qazaqstan

Алматыда 20 жастағы спортшыны жанжал кезінде пышақтап кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Оның қазақстандық кикбоксшы екені белгілі болды. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Мәліметтерге сүйенсек, жігітті жанжал кезінде пышақтап кеткен. 

“20 жастағы ер адамды өлтіру факті бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, - деп хабарлады полиция. 

Қылмыстық қару тәркіленді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.