Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Видеодан алынған скриншот
Ақтау маңындағы әуе апатында аман қалғандар саны 28-ге жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Басқарма өкілдері апат кезінде ұшақ бортында жарылыс болғанын мәлімдеді.
“ 2024 жылғы 25 желтоқсанда, шамамен 10:58-де Баку – Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында баллон жарылып, 14 адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар”, – деп мәлімдеді басқарма.
Оқиға орнына көмек көрсету үшін 22 жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының алты бригадасы жіберілді. Ақтаулықтар ауруханадағы ауыр халдегі адамдарға қан беріп жатыр.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61