Bugin

Астана тұрғындары ұшақ апатынан зардап шеккендерге жаппай қан тапсырып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Астаналықтар Ақтау маңында болған ұшақ апатына бей-жай қарамай, зардап шеккендерге қан беру үшін елордалық қан орталығында кезекке тұрды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қала тұрғындары бүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында болған Әзірбайжан авиакомпаниясының ұшақ апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. 

Елордалықтар қан тапсырып, қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. 
Bugin.kz

Егер сіз де қан тапсыруға қосылғыңыз келсе, мына мекен-жайға барыңыз: Керей-Жәнібек хандар көшесі, 10. 

Жұмыс уақыты сағат 8: 00-ден 17:30-ға дейін. 

Анықтама алу нөмірі: 8 (7172)543241, 543246.