Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
Аман қалған жолаушылар ұшақ апатты туралы айтып берді, дейді Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.
Владивостоктан келген туристік агент Кристина телеграм-каналға Mush-ке берген сұхбатында, ұшақ қала үстінде шамамен бір сағат бойы айналып жүргенін айтты. Бортсеріктер жолаушыларды қатты қонуға дайын болуын ескертіп, басын төмен түсіруді сұраған.
"Біз қонған кезде екі соққы болды. Мен орындыққа жабысып тұрдым. Ұшақтың оң жақ бөлігі толық қирады. Алдыңғы бөлігі жарылып кетті. Көзімді ашқанымда аяғымның қысылып қалғанын көрдім",- деді.
Тілді түсінбеген соң, қыз борттық хабарландыруларды түсінбеген және көршісінен аударма жасауды сұраған екен. Ұшақ құлағаннан кейін ол есінен танып қалған. Кейін есін жиып, ұшақтың ішінен өзі шыққан. Қызды жергілікті дәрігерлер қабылдап, дереу ауруханаға жеткізді.